9-қабаттан секірген атыраулық әйел көз жұмды

0
543

42 жастағы әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды.


9-қабаттан секірген атыраулық әйел көз жұмды

ERNUR.KZ. Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 15 мамыр сағат 14:52 шамасында 1979 туған азаматша Алмагүл мөлтекауданы, № 9 үйдің 9-қабатынан секіріп, қайтыс болған. Мүрде АОМ-ға тапсырылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі (Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе дейiн жеткiзу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.