Бірнеше елдің өнерпаздары қатысқан сайыста «Вокал» номинациясы бойынша 1-орынға ие болған.
ERNUR.KZ. Қырғызстанда өткен «KGтай» өнер фестивалінде 9 жасар қазақстандық әнші Нұржайна Таубалды жеңіске жетті, деп жазады ҚазАқпарат.
Арқалық қалалық мәдениет бөлімінің дерегінше, Нұржайна бірнеше елдің өнерпаздары қатысқан сайыста «Вокал» номинациясы бойынша 1-орынға ие болған.
Нұржайна Таубалды - Арқалық қаласында туған. Бүгінде ол қалалық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Інжу-Маржан» тобының мүшесі. Кішкентай өнерпаз бұған дейін халықаралық және республикалық деңгейдегі конкурстарға қатысып, жүлдегер атанған. Ал, былтыр халықаралық «Алтын микрафон-2021» балалар ән байқауында ІІІ орын алған.
Еске сала кетейік, бұған дейін 12 жастағы Әлинұр Хамзин Славян базары-2022 халықаралық балалар музыкалық байқауында лауреат атанғанын жазып едік.