Бұл кісілер өмірінде өте көп стресс көрген кісілер.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Тоқсаныншы жылдары туған жастардың қуаты кеміп, белсіздікке шалдығудың көрсеткіштері артуда. Нақтырақ айтсақ, тепсе темір үзетін жігіттер төсекте жарамай, бала сүюден қалған. Оған түрлі факторлар әсер етуде дейді дәрігерлер. Елімізде белінің қуаты нашарларған жас жігіттердің қатары артуда, деп жазады Еуразия бірінші арнасы.
Осылай деп мамандар дабыл қағуда. Олар жүргізген зерттеу нәтижесі мұндай жағдай көбіне 90-шы жылдары дүниеге келген жас жігіттерде кездеседі дейді. Мәселен, дәрігер-эмбриолог Гүлнәр Бекбосынованың айтуынша, арнайы анализ тапсырған жігіттердің 50-60 пайызынның спермограммалары өзгеріске ұшыраған.
"Соңғы зертеу нәтижесіне сүйнесек, 90-шы жылдан бері қарай туғандардың спермограммалары өзгеріске ұшыраған. Яғни, олардың белсенділігі төмендеген. Бұған простатит пен артық салмақ әсер еткен. Гормоналдық тұрғыдан да өзгерістер бар"- дейді Гүлнәр Бекбосынова, дәрігер-эмбриолог, генетик.
Урологтардың да айтары осы. Сандарға сүйенсек, еліміз бойынша 1 миллионға жуық ер азамат белсіздік дертіне шалдыққан. Оның түрлі формасы 20-25 жас аралығындағы жігіттерде жиі кездеседі екен. Солардың бірі – простатит!
"Ең көп тараған ауру қуық асты безінің қабынуы, зәр шығару каналдарының қабынуы. Бұның негізгі себептерінің бірі – жаңағы жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардаң себебінен болады. Ол жерге жаңаңғы инфекция түскенннен кейін сол аймақтағы органдар, қуық асты безі, зәр шығару каналдарын реттейміз және простатит аурулары жиі кездеседі"- дейді №2 қалалық аурухананың андрология және ерлер денсаулығы бөлімінің басшысы Азиз Мұхамеджанов.
"Жасыратыны жоқ, жаңа технологиялар да жастарға кері әсерін тигізуде" дейді мамандар. Мәселен, күнделікті қолданатын ноутбук, телефон, компьютер, планшеттен түрлі радиация бөлінеді. Одан қалды жастар телефондарын қалталарында жиі ұстайды. Мұның да зияны орасан зор.
"2000 жылғылар да да келіп жатады. Мұның көбісі дұрыс гигиена сақтамау, салауатты өмір салтын дұрыс жүргізбеу деп ойлаймын. Экологияның әсері бар, қазіргі таңда автомобильдер көп, ауа ластанған дейді. Сонымен қатар қазір көп жастар фастфуд, тез дайындалатын тамақтарды қолданғандықтан да болуы мүмкін"- дейді Азиз Мұхамеджанов.
Ал психолгтардың пайымынша, белсіздікке де стресстің әсері бар. Нақтырақ айтсақ, әлеуметтік желі, бәселекелестік, жұмыссыздық жастардың депрессияға ұшырауына әкеп соғады.
"Бұл кісілер өмірінде өте көп стресс көрген кісілер. 90 жылдардағы қиындықты, 2000 жылдардағы кризисті, қазіргі кездегі әлеуметтік желі, жаңа технологияларды көрген бұл жастардың бойында жарысу өте бейім. 90-жылғыларды осы тұрғыдан қарауға болады. Ал 2000, 2010 қарайтын болсақ, олар да стресс одан да көп болады. Уақыт өткен сайын қоғамда өз орнын табу қиын болып бара жатыр"- Ержан Мырзабаев, психолог.
Қысқасы, белсіздікті дер кезінде қолға алмаса, емі де соғұрлым қиындайды екен. "Сондықтан да бала сүюді армандаған әрбір отбасы бұл мәселеге ертерек назар аударған абзал" дейді дәрігерлер.