Абаев өзінің де бұл проблемаларға тап болғанын жеткізді.
ERNUR.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жақында елімізде болған интернеттегі ақауға байланысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жақында желі қолданушылары бірқатар интернет ресурстардың жұмысында ақау пайда болғанын мәлімдеген еді.
Абаев өзінің де бұл проблемаларға тап болғанын жеткізді.
Ол ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет пен мобильді байланыс жұмысына қатысты мәселелерді қадағаламайтынын атап өтті.
Айтуынша, қазіргі таңда бұл саладағы мәселелермен басқа мемлекеттік орган айналысады.
Еске сала кетейік, 16 ақпанда Қазақстан тұрғындары жаппай Google-дың барлық қызметтерінің, сондай-ақ YouTube видеохостингі мен Telegram мессенджерінің, Twitch платформасы мен Instagram әлеуметтік желісінің қызметтері дұрыс істемей жатқанын айтып, шағымданған болатын.
Сондай-ақ Beeline мен Tele2 ұялы байланыс операторларының клиенттерді қолдау қызметі интернеттегі ақауларға қатысты пікір білдірді.
Сол кезде жұмыс сапарымен Германияда жүрген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық ақпараттық ресурстардың жұмысын қалпына келтіру жөнінде тапсырма берді.