«Абай» шахтасындағы апат: Аман қалған 2 кеншінің хәлі ауыр

0
694

Еске салайық, 7 қараша күні сағат 08:24-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Абай» шахтасында көмір мен газ жарылысы болды.


«Абай» шахтасындағы апат: Аман қалған 2 кеншінің хәлі ауыр

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасында «Абай» шахтасындағы апаттан зардап шеккен 2 кеншінің жағдайы туралы айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«7 қарашада профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға 1960 және 1963 жылдары туған шахтаның екі қызметкері түсті. Диагноз – токсикогипоксиялық энцефалопатия. Науқастар жансақтау бөлімінде. Клиника дәрігерлері барлық қажетті медициналық көмек көрсетуде», - деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Еске салайық, 7 қараша күні сағат 08:24-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Абай» шахтасында көмір мен газ жарылысы болды. Бұл кезде жер астында 64 адам болған. 52 кенші жер бетіне шығарылды. 6 адам қаза тауып, 2-уі зардап шекті.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, барлық отбасыларға қажетті жәрдем көрсетілетінін айтты.