Абортқа тыйым салу мәселесін қарастырып жатқан жоқпыз – министр

0
782

Батыс елдерде аборт мәселесі өте қызу талқыланып жатыр.


Абортқа тыйым салу мәселесін қарастырып жатқан жоқпыз – министр

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният аборт жасауға тыйым салу туралы пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Батыс елдерде аборт мәселесі өте қызу талқыланып жатыр. АҚШ-тың бірнеше штатында тіпті тыйым да салынды. Бұл мәселе бойынша сіз не ойлайсыз», - деп сұрады БАҚ өкілі орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде.

Министр бұл мәселе Қазақстанда заңнама деңгейінде реттелетінін түсіндірді.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс бойынша біздің елде әйелдердің репродуктивтік құқығы бар. Демек, құрсағындағы баланы дүниеге әкелу, әкелмеу мәселесін өзі, отбасымен ақылдасып шешеді. Сондықтан, елімізде абортқа тыйым салатын нормалар жоқ. Әзірге ондай тыйым салатындай нормалар енгізу қарастырылып жатқан жоқ», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, Ажар Ғиният коронавирустың қазіргі штамы бастапқы штамдарындай қауіпті еместігі туралы болжамдарға пікір білдірді және ана мен бала өлімін азайту үшін заманауи талаптарға сай перинаталдық орталықтар салынып, елдегі бүкіл перзентханалар күрделі жөндеуден өтетінін айтты .