Адам зорлап, өлтіргені үшін сотталғандар мектептер мен колледждерде жұмыс істеген

0
1 444

Прокурорлар Қазақстанда бұрын ауыр қылмыс жасаған тұлғалардың оқу орындарына жұмысқа орналасқанын анықтады.


Адам зорлап, өлтіргені үшін сотталғандар мектептер мен колледждерде жұмыс істеген

ERNUR.KZ. Бұл туралы бас прокурордың аға көмекшісі Арғын Айтқожин айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Айтқожин бүгін Сенатта өткен дөңгелек үстел барысында жаңадан ашылған деректер туралы айтты.

"Әлі күнге дейін жүргізіліп жатқан тексерулер бұрын ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ, жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа орналастыру деректерін анықтады. Алматыда 2006 жылы кісі өлтірген әйел мектепте техник болып жұмыс істеген. Ал адам зорлаған тұрғын лаборант болып жұмыс істеген. Астанада халықаралық колледжде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бұрын адам зорлағаны үшін сотталған. Тағы бір жағдайда тазалықшы мен мұғалімге денсаулыққа қасақана зиян келтірді деген айып тағылған", - деді бас прокурордың көмекшісі.

Спикердің сөзінше, мұндай жағдайлар еліміздің барлық өңірінде бар.