Қамқоршылық органдары қажет жұмыстарды жүргізеді, деді Асхат Аймағамбетов.
ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтанда аязда қалған 8 жастағы қызға қатысты пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.
"Біз көрдік. Ол жаққа топ жіберілді. Қорғаншылық органдары мен ювеналды полиция сол жерге кетті, олар қазір қажет жұмыстарды жүргізіп жатыр. Қыз далада отырды, қарда, жалаңаш. Шынын айтқанда, мен бұл қыздың қандай жағдайда өмір сүргенін білмеймін. (...) Өкінішке қарай, мұндай адамшошырлық жағдайлар болады.
Әрине, мемлекет бұл жағдайда тез әрекет етуі керек. Сондықтан қамқоршылық органдары қажет жұмыстарды жүргізеді. Қандай да бір мәлімет айтуға бізге әлі ерте, себебін білу керек, қандай жағдай болғанын анықтау қажет. Мұның қаншалық шындыққа жанасатынын көреміз. Заң аясында ең қатаң шаралар қабылданады", - деді министр онлайн-брифингте.