Фото: Ulysmedia.kz
ERNUR.KZ. Қазақстанада өткен «Әділет» партиясының II съезінде делегаттар партияны Amanat құрамына қосу туралы шешімді қолдады, деп жазады Ulysmedia.kz.
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ AMANAT ПАРТИЯСЫНА ҚОСЫЛДЫ МА?
Партия төрағасы Айбек Дәдебай бұл қадамның екі саяси ұйымның жай ғана бірігуі емес екенін атап өтті.
«Әділет» партиясының Amanat партиясына қосылуы – ұлттық жауапкершілікке негізделген, тар партиялық мүддеден жоғары тұратын салмақты шешім. Бұл қоғамның ел болашағы үшін біріге алатынын көрсетеді, – деді ол.
Оның айтуынша, «Әділет» партиясы әділеттілік идеясын негізге алып құрылған. Әділ қағидалар қоғамдағы сенімді нығайтып, кәсіпкерліктің дамуына, инвестиция тартуға және қоғамдық бірлікті күшейтуге ықпал етеді.
Сондай-ақ Айбек Дәдебай қазіргі таңда Қазақстан алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін саяси күштердің бірлігі қажет екенін айтты.
КІМДЕР ДАУЫС БЕРДІ?
Бүгінде еліміздің алдында жекелеген партиялар мен қоғамдық ұйымдардың мүмкіндігінен де ауқымды міндеттер тұр. Оларды орындау үшін бірлік, ынтымақ және ортақ жұмыс қажет. Сондықтан Amanat партиясының бірігу туралы ұсынысын қолдаймын, – деді партия төрағасы.
Нәтижесінде съезд делегаттары «Әділет» партиясының Amanat-пен бірігуін қолдап дауыс берді.
Айта кетейік, 12 маусым күні өткен Amanat партиясының съезінде де «Әділет» партиясымен бірігу туралы шешім қабылданған болатын. Делегаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, қарсы дауыс берушілер болған жоқ.


