Партияның атауы мен рәміздерін заңсыз пайдаланғаны, сондай-ақ жалған ақпарат таратып, азаматтарды жаңылыстырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында жауапкершілік көзделгенін ескертеміз.
фото: adyrna.kz
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде «Әділет» партиясының атауын заңсыз пайдаланып, өзін партияның ресми өкілдігі ретінде таныстыратын жалған аккаунттар мен парақшалар анықталды. Бұл ресурстар арқылы партиялық билеттер беру, партия мүшелерін тіркеу және партияның қызметіне қатысты жалған ақпарат таратылып жатыр.
Аталған аккаунттардың «Әділет» партиясына ешқандай қатысы жоқ екенін ресми мәлімдейміз. Олар арқылы таратылатын кез келген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Партияның тек ресми ақпарат көздеріне сену керегін еске саламыз: adilet_partiyasy, t.me/adilet_partiyasy, https://adilet-partiyasy.kz.
Партияның атауы мен рәміздерін заңсыз пайдаланғаны, сондай-ақ жалған ақпарат таратып, азаматтарды жаңылыстырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында жауапкершілік көзделгенін ескертеміз.
Анықталған фактілер бойынша материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.
Азаматтардан жеке деректерін бейтаныс адамдарға бермеуді және «Әділет» партиясының ресми байланыс арналарына ғана жүгінуді өтінеміз.


