Адвокат Мейірман Шекеев Шерзат Полатты өлтірген 8 қылмыскердің үкімі өзгеріссіз қалғанын, екі әйелдің тағдырын прокуратура шешетінін айтты.
Фото: Inbusiness.kz
ERNUR.KZ. Бүгін Шерзат ісі бойынша сотталған 8 адамның үкімі өзгеріссіз қалды, деп жазады inbusiness.kz.
Сот басталғалы куәгер ретінде шақырылған Дана Жақсыгелді мен Эльмира Нұрбекованың қанша жылға сотталатыны белгісіз. Істі прокуратура зерттеуі тиіс.
"Сот бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Ал, куәгер ретіндегі екі қыз бойынша жеке қаулы да өз күшінде қалмақ. Дана Жақсыгелді мен Эльмира Нұрбекованың ендігі тағдырын прокуратура шешеді. Аталған орган қылмыстық құрамның бар-жоғын анықтайды. Қылмыстық құрам табылса, прокуратура сотқа жолдауы тиіс. Біз 420 және 434 баптар бойынша іс қозғауды сұрадық", – деді Мейірман Шекеев.
Айта кетсек, Шерзат Полат ісіне куә ретінде қатысқан Дана Жақсыгелді мен Эльмира Нұрбековаға қатысты прокуратура тарабынан әлі ешқандай шара қолданылған жоқ.