Айдар Абдуалиев Экология және табиғи ресурстар министрлігі АЭС жобасы нақты дайын болған кезде қоғамдық тыңдау өткізетіндерін мәлім етті.
ERNUR.KZ. Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиев Қазақстанда салынуы мүмкін АЭС-тің экологияға ықтимал әсері туралы айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Қазақстан атом электр стансасы салынса, экологияға қандай әсері болуы мүмкін?», - деп сұрады журналист брифингіде.
Айдар Абдуалиев Экология және табиғи ресурстар министрлігі АЭС жобасы нақты дайын болған кезде қоғамдық тыңдау өткізетіндерін мәлім етті.
«Атомдық электр станса бойынша біздің министрлікке ешқандай құжат түскен жоқ. Түскен жағдайда бұл бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Сол қоғамдық тыңдауларда осы сұрақтарды қойып, жауап алуға болады. Бұл АЭС-ті Энергетика министрлігі өз құзыретінде қарастырып отыр. Бізге жоба келген кезде өз шешімімізді береміз», - деді комитет өкілі.