АЭС-тың үздік атауын таңдайтын комиссияның құрамы жарияланды

0
118

Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы арнайы бұйрықты шығарды.


АЭС-тың үздік атауын таңдайтын комиссияның құрамы жарияланды

фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы атом электр станциясының үздік атауын таңдайтын комиссияның құрамы бекітілді, деп жазады sputnik.kz.
Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы арнайы бұйрықты шығарды. Оған сәйкес, Алматы облысындағы АЭС-тың үздік атауына жалпыхалықтық конкурсты өткізетін комиссия құрылды.
Комиссияға екі міндет жүктеліп отыр:
19 қыркүйекке дейін конкурс ережесін бекіту;
17 қазанға дейін Алматы облысы Жамбыл ауданындағы атом электр станциясының үздік атауын айқындау.
Ал комиссияның құрамына агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, орынбасары Тимур Жантикин, сенаторлар Бибігүл Жексенбай, Дархан Қыдырәлі, мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов, Жазушылар одағының төрағасы Мереке Кұлкенов, "Егемен Қазақстан" газетінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы, блогер Яков Федоров және тағы басқа азаматтар енді.