Батыс Африканың Сьерра-Леоне Республикасының тумасы – 24 жастағы бойжеткенді эротикалық боди-массаж түріндегі жыныстық қызмет көрсету үшін ұсынып келген.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында африкалық бойжеткен жыныстық қызмет көрсетіп келген, деп жазады ҚазАқпарат.
БҚО Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “STOP-Трафик“ жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізген. Оның барысында 14 қыркүйек күні өзінің жалдама пәтерінде жыныстық қызмет көрсету үшін притон ұйымдастырған. Орал қаласының 33 жастағы тұрғыны анықталды. Ол клиенттерге Батыс Африканың Сьерра-Леоне Республикасының тумасы – 24 жастағы бойжеткенді эротикалық боди-массаж түріндегі жыныстық қызмет көрсету үшін ұсынып келген. Сол үшін ақша алып отырған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды, - делінген полиция мәліметінде.