Риддер қаласындағы жер үйдің ауласына аю қонжығымен бірге кіріп кетті.
Фото: ЖИ
ERNUR.KZ. Қала тұрғындары аюдың көшелерде, үй аулалары маңында жүргендігін айтып, әлеуметтік желілерге түрлі видеолар жариялады, деп жазады inbusiness.kz.
Риддер тұрғындары балалардың қауіпсіздігі үшін алаңдап отыр.
"Құзырлы органдар тиісті шаралар қабылдаса дейміз", – дейді қала тұрғындары.
Шығыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, мамандар Риддерге барып, мән-жайды анықтады.
"Инспекторлар тиісті жұмыстарды қолға алды. Олар аюлардың жүретін жолын бақылап, үркітіп, қала аумағынан шығару шараларын жүргізеді", – делінген ақпаратта.


