«Ағай менің төсімді ұстады»: күйеуін педофил деп айыптаған блогердің үстінен арыз түсті

0
169

​Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.


«Ағай менің төсімді ұстады»: күйеуін педофил деп айыптаған блогердің үстінен арыз түсті

фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Күйеуі Қолғанат Жұмабаевты 10-11 жасар қыздарға қырындады деп айыптаған блогер Құлпынай Калменованың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Блогер Құлпынай Калменова күйеуінің барбершопта балалардың шашын алатынын, жуырда телефонынан кішкентай екі қызбен түнгі уақытта хат жазысып, сезімін білдіргенін айтқан болатын.

Осы оқиғаға қатысты редакцияның жолдаған сауалына Алматы қаласы Полиция департаменті жауап берді.

«Аталған факті бойынша Наурызбай ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Объективті жағдайлар белгіленеді. Құқықтық баға беріледі.
Сонымен қатар, азамат Қ. (посттар авторына) қатысты аталған полиция бөлімшесіне 4 арыз, оның ішінде кәмелетке толмаған екі қыздың заңды өкілдерінен келіп түскенін хабарлаймыз», - делінген Полиция департаментінің жауабында.

Айта кетейік, осы оқиғада кішкентай екі қыздың бұрын жақсы араласқан жақын құрбысы да хат жазып, блогер Қолғанат Жұмабаевтың ерсі әрекетіне ұшырағанын айтқан.

«Апай, мен бұл қыздардың жан құрбысы болғанмын. Ол топта мен де болдым. Бірақ олар мені топтан шығарып жіберді. Ағай менің төсімді ұстады. Мен ол ағайдан қорқамын. Қорқып мамама да айтқан жоқпын. Не істеймін, апай? Мына ағайды соттатыңызшы. Мен сізге жақтасамын», - делінген хаттың мәтінінде.