Айбек Смадияров бұрын Қытай азаматы болған қазақстандықтарға кеңес берді

0
582

Айбек Смадияров мәліметтерді Қытай Елшілігінен білуге болатынын жеткізді.


Айбек Смадияров бұрын Қытай азаматы болған қазақстандықтарға кеңес берді

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұрын Қытай азаматы болған қазақстандықтардың көрші елге визасыз режиммен барардың алдында қандай мәселелерді ескеру керектігін айтты, деп жазады inform.kz.

«Егер Қытай азаматы болған кезде құқық бұзу әрекеті тіркелген болса, соны шешуге тырысыңыздар. Басқа айтар ешқандай кеңес жоқ», - деді СІМ ресми өкілі.

Айбек Смадияров ондай мәліметтерді Қытай Елшілігінен білуге болатынын жеткізді.

«Ол мәліметтерді сол жақтағы туысқандары арқылы да білуге болады. Ал біз арқылы біле алмайсыздар. Немесе Қытай елшілігіне хабарласу қажет. «Менің Қазақстан азаматы ретінде Қытай аумағына кіруге рұқсатым бар ма? Кедергі кезікпей ме?» деп анықтап білсе, болады. Әйтпесе, көбісі барғаннан кейін ғана біледі», - деді ол.