Әйелдер 58 жаста зейнетке шығады деген ақпарат шындыққа жанаспайды – министрлік

0
1 211

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 268 мың адам.


Әйелдер 58 жаста зейнетке шығады деген ақпарат шындыққа жанаспайды – министрлік

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде әйелдердің зейнет жасы 58 жасқа дейін төмендетілетіні туралы қауесет тарады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған шешіміне сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдер үшін зейнет жасын кезең-кезеңімен арттыру 5 жыл мерзімге созылып, 61 жас деңгейінде тоқтатылады.
"Президент жарлығымен 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 58 жасқа дейін төмендетілетіні және Қазақстанда 13-ші зейнетақы төлемі енгізілетіні туралы әлеуметтік желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп атап өтті министрлік.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 268 мың адам.
Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық және ынтымақты зейнетақы) 108 993 теңгені құрады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардан фейктерге назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуды сұрап, жалған ақпарат таратқандар заң бойынша жазаланатынын ескертті.