Әйелдерді қолдау орталығы қандай көмек көрсетеді – министрлік түсіндірді

0
516

​Орталықтар қысқа мерзімде оқытып, психологиялық тұрғыдан және құжаттарды рәсімдеуге жәрдемдеседі, жұмысқа орналастырады.


Әйелдерді қолдау орталығы қандай көмек көрсетеді – министрлік түсіндірді

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов әйелдерді қолдау орталықтарының негізгі міндетін түсіндірді, деп жазады sputnik.kz.

"Біз көпбалалы отбасылар мен мүгедек баланы тәрбилеп отырған отбасылар үшін әйелдерді қолдау орталықтарын құруды жоспарлап отырмыз. Ондай орталықтар бірнеше қалада бар. Енді барлық өңірде ашылады. Жыл сайын осы орталықтарда 20 мыңнан астам әйел кеңес пен көмек алады", - деді Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Орталықтардың негізгі міндеті:
қысқа мерзімді оқыту;
психологиялық көмек;
құжаттарды рәсімдеуге жәрдемдесу;
жұмысқа орналастыру;
өнімдерін сатуға көмектесу.
"Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы орталықта тігін цехы бар. Соның өнімдері сатуға шығарылды", - деп атап өтті Біржанов.
Сондай-ақ вице-министр жұмыспен қамту саласындағы проакивті формат туралы айтып берді. Оның айтуынша, бүгінде жастардың көбісі жұмыспен қамту орталығына келмейді, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстары туралы білмейді.
"Осыған байланысты біз жұмыссыз адамдарды анықтайтын жүйені енгізіп жатырмыз. Оларға қатысты қызметтің проактивті форматы қолға алынады. Бұған дейін жұмыспен қамту орталықтары тек келген және тіркелген адамдарға ғана жұмыс іздеуге көмектескен", - деді Біржанов.
"Биылдан бастап біз толығымен проактивті форматқа көшеміз, яғни жұмыссыз адамдарды өзіміз анықтамаймыз да, SMS-хабарлама жібереміз, онлайн режимде оқудан өтуге немесе қысқа мерзімді курстарға қатысуға ұсыныс жасаймыз. Қоғамдық жұмыстарға тартамыз", - деп толықтырды ол.

Алдағы уақытта жұмысқа тұрғанда сынақтан өту талабын заң жүзінде алып тастау жоспарланып отыр. Ол жастардың жұмысқа тұруына септігін тигізуі керек.