Әйелдің денесі мен ес-түссіз полицей табылған іс бойынша ІІМ пікір білдірді

0
103

Бүгін Қарағандыдағы тірек пункттерінің бірінен әйелдің мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылғаны хабарланған еді.


Әйелдің денесі мен ес-түссіз полицей табылған іс бойынша ІІМ пікір білдірді

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов 2025 жылғы 1 қазанда Қарағандыдағы тірек пункттерінің бірінен әйелдің мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылуына қатысты пікір білдірді, деп жазады zakon.kz.

ІІМ өкілі бұл оқиға бойынша арнайы жедел-тергеу тобы құрылғанын айтты.

"Біз бұл іске Ішкі қауіпсіздік департаментін қостық, сонымен қатар қызметтік тергеу жүргізіп жатырмыз. Қазіргі уақытта, дәл бүгін, сот-медициналық сараптама өткізілуін күтіп отырмыз. Сондықтан осы оқиғаға байланысты барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі", – деді Әділов.

Ол қажет болған жағдайда және аумақтық полиция департаментінің қандай да бір лауазымды тұлғаларының кінәсі дәлелденсе, оларға қатаң тәртіптік шара қолданылатынын айтты.

Еске салайық, бүгін, 1 қазанда Қарағандыдағы тірек пункттерінің бірінен әйелдің мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылғаны хабарланған еді.