Отбасылық ұрыстан кейін 47 жастағы павлодарлықтың жұбайы ата-анасының үйіне кетіп қалған.
ERNUR.KZ. Павлодар тұрғыны үйден кетіп қалған әйелімен татуласу үшін оның үстінен полицияға шағым түсірді, деп жазады Stan.kz.
Отбасылық жанжалдан кейін, ішімдікке тойып алған ер адам полицияға хабарласып, қомақты көлемдегі қаражаттың ұрланғаны жөнінде шағым түсірген. Толстой көшесіне жеткен учаскелік инспектор ешқандай ұрлықтың болмағанын анықтады.
"Отбасылық ұрыстан кейін 47 жастағы павлодарлықтың жұбайы ата-анасының үйіне кетіп қалған. Ішімдікке масайып қалған ер адам полицияға хабарласып, 500 мың теңгенің жоғалғанын хабарлады. Ол осылайша әйелін үйге қайтармақ болыпты", - деп хабарланды полициядан.
Алайда күйеуінің бұл әрекеті ешқандай нәтиже бермеген. Әйел сол күйі ата-анасының үйінде қалды.
Полицейлер ер адаммен тілдесіп, келесі жолы мұндай әрекетті қайталамауды сұрады. Өз кезегінде ол түзелетінін, әйелімен татуласатынын айтты.