Әйелін қызметтік көлікпен алып кеткен аудан әкімінің орынбасары дауға қалды (видео)

0
851

Видео әлеуметтік желіде тараған.


Әйелін қызметтік көлікпен алып кеткен аудан әкімінің орынбасары дауға қалды (видео)

ERNUR.KZ. БҚО-да Сырым ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Ахметовке Әдеп кеңесінде қатаң сөгіс жариялау ұсынылды. Шенеунік қызметтік көлікті өз мақсатына пайдаланған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кеңес отырысына жиналғандар әлеуметтік желіде тараған видеороликті көрген.
Кадрларда сұр түсті жол талғамайтын көлікке әйел адамның отырғаны байқалады. Түсірілім басқа бір автокөліктің ішінен жүргізілген. Видеоны түсіріп отырған ер адам көз алдындағы оқиғаға пікір білдірген.
Куәгердің сөзінше, ол Жымпиты ауылында болып, қызметтік көлік мінген аудан әкімінің орынбасары әйелін жұмыстан алып кеткенін көрген.
"Аудан әкімі орынбасарының көлігі, әйелін мектептен күн сайы өзі келіп алып кетеді", - дейді видео авторы.
Ерболат Ахметов қызметтік көліктің рөлінде өзі отырғанын жоққа шығарған жоқ. Дегенмен ол мұндай жағдайдың тек бір рет болғанын айтты.
"Аббаттандыру ережелерінің сақталуын бақылау үшін маған аудан орталықтарын аралауға тура келеді. Мектепке кіріп, директорға тапсырма бердім. Ол жерден шыққан кезде әйлімді көрдім. Жолымыз бір болған соң оны ала кеттім. Бұған дейін жаңбыр жауып, батпақ болған. Дәл осы сәт видеоға түсіп қалған", - дейді Ерболат Ахметов.
БҚО Әдеп кеңесі мемлекеттік қызметкерге қатаң сөгіс жариялауды ұсынды. Кеңестің айтуынша, бұл қызметтік автокөліктерде өз қажеттілігі үшін жүретін басқа шенеуніктерге сабақ болуы керек.