Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали үйлену тойын жасады

0
317

Жұлдызды жұптың қазір екі баласы бар.


Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали үйлену тойын жасады

Фото: instagram.com/asha_matai

ERNUR.KZ. Белгілі әнші Айқын Төлепберген үйлену тойын жасады. Ол осыдан тоғыз жыл бұрын әнші Жұлдыз Өмірғалимен отбасын құрған болатын, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Айқын мен Жұлдыздың үйлену тойы өтетіні туралы жұлдызды жұп өздерінің желідегі парақшасында жариялады. Ал желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Қолданушылардың бір тобы әншілерді құттықтап, оларға бақыт тілесе, екінші бір топ Айқынның бірінші отбасын еске алып, бұл тойды құптамайтындықтарын жазып, пікір қалдырған.

Еске сала кетейік, екінші рет шаңырақ көтерген жылы Айқын мен Жұлдыз сынның астында қалған болатын. Жұлдызды жұптың қазір екі баласы бар.