Елордада "Үздік ғылыми қызметкер – 2021" байқауының жеңімпаздары марапатталды.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің телеграм арнасында жарияланды, деп жазады baq.kz.
Министрліктің хабарлауынша, жеңімпаздар 6 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы алды. Лауреаттарға төсбелгілер мен сертификаттарды министр Асхат Аймағамбетов табыстады.
Айта кетері, мұндай байқау алғаш рет өткізіліп отыр. Алты ғылыми-зерттеу институты мен жоғары оқу орындарының 50 ғалымы жеңімпаз атанды.
"Биылдан бастап отандық ғылым саласы дамуының жаңа кезеңі басталды. 3 мыңға жуық ғалым жобасына грант ұтқан-ұтпағанына қарамастан тұрақты түрде жалақы алады. Тұрақты қаржыландыру зерттеулерді кедергісіз жүргізуге мүмкіндік береді. Грант және мақсатты қаржыландыру механизмін өзгерттік. Соңғы жылдары ғылым саласын қаржыландыру екі есе өсті", – деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.