Әуекомпания Таяу Шығыстағы ахуалды мұқият бақылап отыр.
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
ERNUR.KZ. Таяу Шығыстағы қақтығыс әлі жалғасып жатқандықтан, Air Astana әуекомпаниясы Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын тұрақты рейстерді тоқтату мерзімін 1 сәуірден 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) ұзартуға мәжбүр болып отыр, деп жазады inform.kz.
Ұшуды алдын-ала жоспарлап, алайды ұша алмай қалған жолаушыларға келесідей нұсқаулық ұсынылды:
билет құнын толық қайтарып беру (айыппұлсыз);
Дубайға 30 маусымға дейін (қоса алғанда) ұшатын рейстерді тегін қайта брондауға мүмкіндік беру;
әуекомпанияның басқа бағыттарына айыппұлсыз қайта брондауға болады (тариф айырмасы мен әуежай алымдары бойынша қосымша төлем болуы мүмкін), сапар мерзімі 30 маусымға дейін (қоса алғанда).
Әуекомпания Таяу Шығыстағы ахуалды мұқият бақылап отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Air Astana әуекомпаниясы 29 наурыз бен 24 қазан аралығында жалғасатын жазғы навигацияға көшкенін жаздық. Бұл уақытта рейстер жиілігі артып, жаңа бағыттар ашылып, маусымдық рейстер қайта жанданады.


