Уақытша тоқтатылған рейстердің жолаушыларына Алматы және Астана қалаларынан Дубайға немесе Атыраудан басқа бағыттарға тегін қайта брондау не билеттің толық құнын қайтару ұсынылады.
Фото:depositphotos.com/romrodinka
ERNUR.KZ. Атыраудан Дубайға ұшатын рейстің тағдыры белгілі болды, деп жазады tengrinews.kz.
"Air Astana 28 маусымнан бастап Атырау-Дубай бағыты бойынша ұшу уақытының едәуір ұзаруына байланысты уақытша орындалмайтынын хабарлайды. Дубайға Астана мен Алматыдан ұшатын рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігі сыртында жалғасады", - делінген хабарламада.
Уақытша тоқтатылған рейстердің жолаушыларына Алматы және Астана қалаларынан Дубайға немесе Атыраудан басқа бағыттарға тегін қайта брондау не билеттің толық құнын қайтару ұсынылады.
Сонымен қатар, компания осы мәселеге қатысты байланыс нөмірлерін берді:
- +7 727 244 44 77
- +7 702 702 44 77
- WhatsApp: +7 702 702 00 74.