Air Astana ұшағы Астанаға қона алмай, Алматыға қайта оралды (видео)

0
94

Куәгерлердің айтуынша, ұшу барысында ұшақ қатты шайқалған.


Air Astana ұшағы Астанаға қона алмай, Алматыға қайта оралды (видео)

ERNUR.KZ. Алматыдан Астанаға бағыт алған Air Astana әуе компаниясының ұшағы Астана әуежайына қона алмай, кері қайтуға мәжбүр болды, деп жазады stan.kz.

Әуе компаниясының мәліметінше, қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты ұшақ Астана әуежайына қона алмаған.

Сонымен қатар қосалқы әуежай ретінде белгіленген Қарағанды әуежайы да рейсті қабылдай алмаған.

Куәгерлердің айтуынша, ұшу барысында ұшақ қатты шайқалған. Соның салдарынан кейбір жолаушылардың қан қысымы көтеріліп, балалар қорқып жылаған.

Air Astana мәліметіне сәйкес, КС 641 рейсі жақын уақытта қайта ұшуға дайындалып жатыр. Компания рейстің алдағы уақытта орындалуы жоспарланғанын хабарлады.