Айыпталушы Абзал Шынасыл: “хуторлық емеспіз, ауылданбыз“

0
103

Айыпталушы Абзал Шынасыл "хуторский" бандасына қатысы бар" деген ақпаратқа жауап берді.


Айыпталушы Абзал Шынасыл: “хуторлық емеспіз, ауылданбыз“

Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

ERNUR.KZ. Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Айыпталушы Абзал Шынасыл "хуторский" бандасына қатысы бар" деген ақпаратқа жауап берді.

Сот отырысы барысында айыпталушылардың адвокаттарының бірі Абзал Шынасылдан "Хуторский" ҰҚТ-ға қатысы бар-жоғын сұрады.

"Мені БАҚ хуторлық қарақшы деп көрсетті. Бұл бандаға қатысым жоқ. Бәріміз қарапайым ауыл балаларымыз. Хутор - біздің ауылымыздың бұрынғы атауы, қазір Тұрар Рысқұлов деп аталады. Неге бұлай айтып жатқанын білмеймін", - деді ол.

Сондай-ақ, ол Чика есімді адамды білмейтінін де мәлімдеді.