Айзат Молдақасымова жаңа қызметке тағайындалды

0
834

Айзат Молдағасымова 2017 жылдан бастап департамент басшысы және қаланың бас санитарлық дәрігері болып қызмет етті.


Айзат Молдақасымова жаңа қызметке тағайындалды

ERNUR.KZ. Айзат Молдақасымова Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ұлттық орталығының басшысы қызметіне тағайындалды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Иа, кешеден бастап орталықты басқарып жатырмын», - деді Айзат Молдақасымова телефон арқылы жауабында.

Бұған дейін ол қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментін басқарған болатын.

Айзат Молдағасымова 2017 жылдан бастап департамент басшысы және қаланың бас санитарлық дәрігері болып қызмет етті. Бұған дейін Айзат Молдақасымованың қызметіне байланысты бірқатар даулы жағдай болған еді.

Алматы бас санитарлық дәрігері коронавирус жұқтырған жолаушымен бір рейсте келіп, 14 күн карантинге оқшауланды. Одан кейін қалалық Қоғамдық кеңес Айзат Молдақасымованың жиналыстарға қатысып, ашық жүргенін сынға алды. Кейін бас санитарлық дәрігер Орталық клиникалық қалалық аурухана дәрігерлерінің арасында жаппай коронавирус инфекциясы тіркелген кезде дәрігерлердің өзін санитарлық нормаларды сақтамады деп айыптады.

Бұл мәлімдемеден соң аурухана қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы жаппай наразылық білдіріп, министрге шағымданған еді.

ҚР ДСМ басшысының орынбасары сол кездегі орынбасары Камалжан Надыров даулы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, осындай қиын сәтте дауласпай, бірігуге шақырды.

Бұл ахуалды тексеру үшін ҚР ДСМ мамандарынан арнайы комиссия құрылды. Комиссия эпидемиологиялық тексеруді бастаған болатын.

Кейін ҚР ДСМ басшысы Елжан Біртанов комиссия жұмысының қорытындысын жариялады.

18 сәуірде Алматының бас санитарлық дәрігері қызметіне Жандарбек Бекшин ауысып келген болатын.

Ол Айзат Молдақасымованың әлі де департамент басшысы екенін, тек үй карантинінде екенін айтқан болатын.