Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, екі жасқа бақыт тілеп жатыр.
ERNUR.KZ. Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова мобилограф Сәкен Қағаровпен некесін қидырды, деп жазады Stan.kz.
Желі жұлдызы жеке парақшасында жақсы жаңалықты сүйіншіледі.
“Әрекет пен дұға түбі – береке. Ерлі-зайыптымыз. Қасымда болғандарыңа рақмет”, – деп жазды Айжұлдыз.
Айта кетейік, блогерге жігіті Исландиядағы сарқырамада тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған еді.
“Некелерің мәңгілік болсын!” Екеуі бір-бірі үшін жаралғандай”, “Екі дүниенің бақытын бұйыртсын!”, “Құрған отауларың берік болсын!”, – деп жазды көпшілік.Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, екі жасқа бақыт тілеп жатыр.
Еске салайық, блогер мобилограф Қыран Талапбекпен шаңырақ көтеріп, кейін ажырасып кеткен еді. Назар есімді ортақ ұлдары бар.