Әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеген адамның жағдайы ауыр — дәрігерлер

0
261

​Ол әлі де жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.


Әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеген адамның жағдайы ауыр — дәрігерлер

Фото: © istockphoto.com.

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы әкімдігі ғимараты алдында өзін-өзі өртеген ер адамның жағдайы әлі де ауыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Өзін-өзі өртеу оқиғасынан бері бір апта өтсе де, зардап шеккен ер адамның жағдайы жақсарған жоқ. Жалпы реанимация орталығының мәліметінше, 16 желтоқсан күнгі жағдай бойынша пациенттің денсаулығы өте ауыр күйде. Ол әлі де жасанды тыныс алу аппаратына қосылған», — деп жазады басылым.

Дәрігерлер науқастың жағдайына қатысты болжам жасау қиын екенін айтты.