Әкімдіктер компьютер сатып алуда білім министрлігі қойған талаптарды бұзған

0
735

«Әрбір компьютерлік техниканы сатып алубойынша тікелей жауап бересіздер», – деді білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.


Әкімдіктер компьютер сатып алуда білім министрлігі қойған талаптарды бұзған

Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари жергілікті әкімдіктердегі білім басқармалары басшыларына компьютерлерді сатып алуға байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ БҒМ баспасөз қызметіне сітеме жасап.

Жиналыста жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет қаражаты есебінен компьютерлік техниканы сатып алуы және техниканың жеткізілуі бойынша мәселелер қаралды.

Рүстем Биғари Мемлекет басшысы қойған міндет орындалып, бірінші қыркүйекке дейін оқушыларға қашықтан оқу үшін қажет 500 мыңға жуық компьютер жеткізілгенін атап өтті. Әкімдіктер мектептерге компьютерлік техниканы сатып алу бойынша жұмыстыәлі де жалғастырып жатыр. Алайда, бірқатар өңірде техниканы жеткізу мерзімдері, лицензиялық қамтамасыз ету, кепілдік беру және сервистік қызмет көрсетуге байланысты проблемалар туындады.


«Біз бұл мәселелерді аппараттық жиналыста бірнеше рет қарастырдық. Бұл – мемлекет қаражаты. Әрбір компьютерлік техниканы сатып алу тікелей сіздердің мойындарыңызда. Ашықтықты толық қамтамасыз ету қажет. Әрбір әкімдік алдымен компьютерлік техниканы тексеріп алған соң ғана оны қабылдап, оқушыларға жеткізулері қажет. БҒМ сатып алу процесіне қатыспайды.Үкімет әкімдіктерге қажет қаражатты жедел беріп, жағдай жасады», – деп атап өттібілім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.


Білім алушыларды қажетті ақпараттық ресурстар және компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге бөлінген қаражаттың игерілуі бойынша сыбайлас жемқорлық көріністерін бақылау әрі болдырмау мақсатында «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің өкілдері мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы мониторингтік топтарының мүшелерінің қатысуыменмониторинг жүргізу үшін2020 жылғы шілде айында БҒМ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хат жолдағанын естеріңізге сала кетейік.


«Ия, бұрын-соңды техниканы осындай көлемде сатып алу болған емес. Әрине, пандемиямен логистика мәселелеріне байланыстыкедергілер болуы мүмкін. Жеткізушілердің мұндай сылтауларына қарамай, олардан тиісті жұмысты талап етуіміз керек. Қолда бар барлық механизмді пайдалану керек еді. Кепілдік қызмет көрсету, сапа болуы керек», – деді білім және ғылым вице-министрі.