Ақмола облысында анасын ұрған ер адам 4 жылға сотталды

0
1 041

Сотталушы жұмыс істемеген.


Ақмола облысында анасын ұрған ер адам 4 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Көкшетау қаласында анасын ұрған ер адам төрт жылға сотталды, деп жазады sputnik.kz.

Сотталушы жұмыс істемеген. Ол мас болып келіп, анасын аяусыз соққыға жыққан. Сараптама қарттың денсаулығына ауыр зиян келгенін анықтаған.
66 жастағы әйел үйде құлап, жамбас сүйегін сындырып алған. Мас болып келген ұлына шағымданамын деп, одан бетер таяқ жеген.
"Төсектен еденге итеріп, кеуде тұсы мен асқазанынан ұрған. Содан кейін ұйықтап қалған. Түннің біруағында анасының ауырсынған дауысын естіп, жедел жәрдем шақырған", - делінген Көкшетау қалалық сотының материалында.
Егде жастағы әйел "жамбастың жабық сынуы" диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер науқастан кеуде жарақаты, алты қабырғаның жабық сынуы, кеуде гематомасы, жамбас сүйегінің жабық сынуы, іш жарақаты, көкбауырдың жарылуы, іш қуысында қанның жиналуы түріндегі дене жарақаттарын тапты.
Сотта қатыгез ұл кінәсін толық мойындап, өкінетіндігін айтқан. Ал анасы кешіретінін айтып, соттан ұлын бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Бірақ ол ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру"бойынша кінәлі деп танылды. Бұл баппен кінәлі деп танылғандар үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылады.
Сот үкімімен Ж. 4 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекет кірісіне 575 398 теңге сомасында материалдық залал өндірілді (жәбірленушіні емдеуге арналған шығындар). Сотталушы жазасын өтейтін мекемеде алкоголизмнен емдеу бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.