Ақмола облысында аудандық бөлім басшысы бастаған бір топ адам ұсталды

0
630

Олар 700 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді.


Ақмола облысында аудандық бөлім басшысы бастаған бір топ адам ұсталды

ERNUR.KZ. Ақмола облысы әкімдігінің аудандық бөлім басшылары 700 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола облысында лауазымды тұлғалардың бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды.

«Қосалқы станция салу барысында 700 миллион теңгенің жымқырылуына қатысты сотқа дейінгі тергеу кезінде Ақмола облысы әкімдігінің аудандық бөлімінің басшысы бастаған бір топ адам ұсталды», - дейді ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.