Ақмола облысында әйел екі баласымен бірге жоғалып кетті: Полиция іздеу жұмыстарын бастады

0
2 362

Әйел байланысын тоқтатқан.


Ақмола облысында әйел екі баласымен бірге жоғалып кетті: Полиция іздеу жұмыстарын бастады

ERNUR.KZ. Ақмола облысында әйел екі баласымен бірге жоғалып кетті, деп жазады stan.kz.

21 желтоқсан күні Степногорск қалалық ІІБ Бестөбе ауылының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан 42 жастағы Әлфия Нуретдинова мен оның 2022 және 2023 жылы туылған екі кішкентай баласын табуға көмек сұраған хабарлама келіп түскен.

“Жоғалған әйелдің үлкен қызының айтуынша, бірнеше сағат бұрын оның анасы мен сіңлілері достарының үйінен шығып кеткен, бірақ үйіне қайтып оралмаған, әйел байланысын тоқтатқан. Қазіргі таңда Бестөбе кентінің полиция бөлімі мен қалалық ішкі істер бөлімінің жеке құрамы із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге жұмылдырылған”, – делінген Ақмола облысы полиция департаментінің таратқан ақпаратында.

Ресми мәлімет бойынша, іздеу жұмыстарына еріктілер қосылып, барлық әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бағыт-бағдар таратылған.

Альфия

Полицейлер жоғалған кезде жоғалған әйелдің үстінде қара көк күрте, бордо шалбар және ақ аяқ киім болғанын айтады. Полиция Әлфия Нуретдинова мен оның балаларының қайда екені туралы ақпарат білетіндерден полицияға хабарласуын сұрайды.