Қазіргі уақытта құтқарылған адамның жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес.
ERNUR.KZ. Ақмола облысында қамыс арасында қалып қойған ер адам құтқарылды, деп жазады tengrinews.kz.
"Бүгін кешке Жарлыкөл көлінде, аттас ауылдан 5 шақырым жерде қамыстардан табылып, 1948 жылы туған ер адам құтқарылды. Балық аулауды ұнататын ер адам қайықпен судан өздігінен шыға алмады", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта құтқарылған адамның жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес. ТЖД азаматтарды су қоймасында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.