Біреуі кәмелет жасына толмаған бала.
фото: әлеуметтік желідегі видеодан скрин
ERNUR.KZ. 26 қарашада шамамен таңғы сағат 4:00-де Алматыдағы жеке үйде өрт шықты.
Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жеткенде ғимарат жалынға оранған.
"Сағат 03:44-те 112 пультіне Алматы қаласы Бостандық ауданында жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
ТЖД алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі шақырту түскеннен кейін 4 минуттан соң оқиға орнына жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде тұрғын үй толығымен отқа оранып, жалынның ашық әрі қарқынды жануы байқалған.
Өрт сағат 04:42-де толық сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан шамамен 35 адам және 9 бірлік техника жұмылдырылды.
Оқиға орнынан бес адамның, оның ішінде бір кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды. Оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себептері анықталуда.", - деп хабарлады департаментте.