Ақмола облысында немересі 77 жастағы әжесін ұрып тастаған

0
94

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әйелдің арызы 2025 жылдың 8 қаңтарында түскенін, енді 30 жастағы ер адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.


Ақмола облысында немересі 77 жастағы әжесін ұрып тастаған

ERNUR.KZ. Ақмола облысында 77 жастағы әйелді соққыға жығу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Зейнеткерді өз немересі ұрған болып шықты, деп жазады Ulysmedia.kz.


Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әйелдің арызы 2025 жылдың 8 қаңтарында түскенін, енді 30 жастағы ер адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.

"Ауылдың қарт тұрғыны немересі оны бір күн бұрын жанжалдасып жарақаттап алғанын хабарлады. Полиция департаменті оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп түсіндірді құқық қорғау органдары.

Полиция 2024 жылы Қылмыстық кодекске денсаулыққа зиян келтіру және ұрып-соғумен байланысты құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтетін түзетулер енгізілгенін еске салды.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы, ал ұрып-соғу немесе денсаулыққа жеңіл зиян келтірмейтін күш қолдану әрекеттері үшін 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.