Құтқарушылар өртті жылдам өшірді.
ERNUR.KZ. Ақмола облысында екі қабатты монша өртенді. Құтқарушылар 25 адамды қауіпсіз жерге шығарып алды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Төтенше жағдай Целиноград ауданындағы Қараөткел кентінде болған. Екі моншаның ішінде ағаш қаптама жанған. Содан өрт шықты.
Құтқарушылар өртті жылдам өшірді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өртті себебі анықталып жатыр.