Ақмола облысында суға батып бара жатқан балықшылар құтқарылды

0
307

Зардап шеккендер Қызылорда облысынан елордаға досына келіп, балық ауламақ болған.


Ақмола облысында суға батып бара жатқан балықшылар құтқарылды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының полицейлері суға батып бара жатқан балықшыларды құтқарды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

20 тамызда сағат 18:20-да Целиноград ауданының полиция бөліміне су айдынында екі адамның суға батып бара жатқаны туралы ақпарат түсті. Полицияның аға учаскелік инспекторы Роллан Ауғанбаев, учаскелік полиция инспекторлары Еспол Өмірсерік, Талғат Ноғайбаев және учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Бауыржан Баденов шақыртуды бірден қабылдап, оқиға орнына қарай дереу шықты.

Белгілі болғандай, балықшылар жергілікті тұрғындар емес. Олардың қай жерде екенін және қандай су айдыны туралы айтып жатқанын түсіну қиын болды. Полицейлер межелі жерге жеткенше, басқа учаскелер арқылы үрлемелі қайық табуға шешім қабылдады. Қатты жаңбырдан кейінгі батпақты ескере отырып, су қоймасына еш қиындықсыз жету үшін бірден Нива көлігін пайдаланды. Барлық жедел-құтқару жұмысына полицейлерге 15 минут қажет болды.

Оқиға орнына жеткенде Еспол Өмірсерік екі адамды құтқару үшін еш ойланбастан суға секірді. Тәртіп сақшысы суға батқандарға тез жетіп, зардап шеккендерді қауіпсіз жерге шығарып, алғашқы көмек көрсетті. Содан кейін полицейлер оларды келген жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Белгілі болғандай, бір ер адамда суда құрысу басталды, нәтижесінде ол суға бата бастады. Екіншісі оны құтқару үшін сүңгіп кетті, бірақ оны үрей басқан. Осылайша, екеуі де судан шыға алмай қалды. Қазір олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Зардап шеккендер Қызылорда облысынан, елордаға досына келіп, балық ауламақ болған. Осылайша тәртіп сақшылары болуы мүмкін қайғылы оқиғаның алдын алды.