ERNUR.KZ. Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, 29 қаңтарға қараған түні Зеренді ауданында елікті заңсыз атқандарды анықтады, деп жазады Zakon.kz.
Түнгі сағат 02:00 шамасында тәртіп сақшылары ВАЗ-21015 автокөлігін тоқтатты. Көлік салонында 33 жастағы жүргізуші мен екі жолаушы болған. Олардың бірі бұған дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы (Заңсыз аң аулау) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Көлікті тексеру барысында жүксалғыштан үш еліктің ұшасы табылды.