СҚО-да ер адам жұмбақ жағдайда көз жұмды

0
122

Алдын ала мәліметтер бойынша, ауыл тұрғыны өзіне-өзі қол жұмсаған.


СҚО-да ер адам жұмбақ жағдайда көз жұмды

Сурет: akorda.kz

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында 40 жастағы ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Қайғылы оқиға Тайынша ауданында тіркелді, деп жазады zakon.kz.

Қайғылы жағдай туралы алдымен әлеуметтік желідегі жарияланымнан белгілі болды. Шақырту бойынша оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері ер адамды құтқара алмаған, тек оның өлімін растап, тіркеген. Алдын ала мәліметтер бойынша, ауыл тұрғыны өзіне-өзі қол жұмсаған.

Бұл оқиғаға қатысты Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті түсініктеме беріп, бүгіндері сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынғанын айтты.

"Полиция Тайынша ауданының 40 жастағы тұрғынын өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу шеңберінде болған оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ бұған түрткі болған себептер мен жағдайлар анықталып жатыр", – деді өңірлік ПД.

Ведомство өкілдері тергеу қорытындысы бойынша тиісті процесуальды шешім қабылданатынын да жеткізді.