1980, 1983 және 1995 жылдары туған Нұр-Сұлтан тұрғындары жалған дипломдарымен балаларды шамамен екі жыл бойы жаттықтырып жүрген.
ERNUR.KZ. Ақмола облысында спорт мектебінің үш жаттықтырушысы жоғары оқу орнын бітіргені туралы жалған дипломды пайдаланды деген күдікке ілінді, деп жазады Stan.kz.
12 наурызда Целиноград ауданының полиция бөліміне жергілікті спорт мектептерінің бірінің жаттықтырушылары жұмысқа орналасу кезінде жоғары оқу орнын бітіргені туралы жалған дипломдар бергені туралы ақпарат келіп түсті.
1980, 1983 және 1995 жылдары туған Нұр-Сұлтан тұрғындары жалған дипломдарымен балаларды шамамен екі жыл бойы жаттықтырып жүрген. Жоғары білім туралы құжаттарда олардың Қазақ спорт және туризм Академиясын бітіргені жазылған, алайда сауалға берілген жауапқа сәйкес, азаматтар аталған оқу орнында оқымаған. Дипломдар 2003, 2009 және 2018 жылдары алынған деп жазылған.
Қазіргі уақытта үш факті бойынша ҚР ҚК 385-бабы, 3-бөлігі "көрінеу жалған құжатты пайдалану" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Дипломдар заттай дәлелдемелер ретінде алынып, тергеу жалғасуда.