Ақмола облысында жоғалып кеткен Астана тұрғыны өлі табылды

0
352

Әлеуметтік желілерде бұл 44 жастағы кәсіпкердің денесінен зорлық-зомбылық белгілері бар екені туралы туралы ақпарат тарап жатыр.


Ақмола облысында жоғалып кеткен Астана тұрғыны өлі табылды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында жоғалып кеткен Астана тұрғынының денесі табылды. Бұл туралы ақпаратты облыстық полиция департаменті растады, деп жазады tengrinews.kz.

Ақмола облысы полиция департаментінен хабарлауынша, іс Астана полициясына беріледі.

"Ақмола облысының полиция департаменті Астана қаласының тұрғынының мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Іс Астана полиция департаментіне беріледі", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Тергеуге байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.

Ал әлеуметтік желілерде бұл 44 жастағы кәсіпкердің денесінен зорлық-зомбылық белгілері бар екені туралы туралы ақпарат тарап жатыр.