​Ақмола облысында жүргізуші екі жасар ұлын басып өлтірді

0
1 332

Полиция тексеру жүргізіп жатыр.


​Ақмола облысында жүргізуші екі жасар ұлын басып өлтірді

ERNUR.KZ. Ақмола облысындағы қайғылы оқиға — көлік басып кеткен сәби ауруханада көз жұмды, деп жазады sputniknews.kz.

Оқиға 6 қыркүйекте Ақмола облысы Есіл қаласында болған. Жеке үйлердің бірінде 1985 жылғы ер адам Volkswagen көлігімен ауладан шығып бара жатқанда, 2015 жылы туған ұлын басып кеткен.

Зардап шеккен сәбиді жедел жәрдеммен орталық аудандық ауруханаға жеткізеді.

"Сәбиге "жабық бассүйек-ми жарақаты, бассүйегі сынған, кеуде қуысы жарақаттанған, кома" деген диагноз қойылды. Оны тез арада жансақтау бөліміне жатқызғанымен, алған жарақатынан жан тапсырды", - деп мәлімет берді дәрігерлер.

Полиция тексеру жүргізіп жатыр, сәбидің денесін сот-медициналық сараптама жасау үшін мәйітханаға жөнелтті.