Ақмола облысындағы газ баллон жарылысы мешітте болмаған – мешіт басшылығы

0
405

Ақмола облысында ас беру кезінде газ баллоны жарылып, үш адам мерт болды.


Ақмола облысындағы газ баллон жарылысы мешітте болмаған – мешіт басшылығы

Фото: Жақсыгелді мешіті

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Қорғалжын ауданы Сабынды ауылындағы мешіт басшылығы елді мекенде болған төтенше жағдайға қатысты түсінік берді, деп жазады inform.kz.

«Ақпарат көздеріндегі Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Сабынды ауылындағы төтенше жағдайдың мешітте болмағанын мәлімдейміз. Сабынды ауылында «Жақсыкелді» мешіті халыққа қызмет жасап тұр. Газ баллоны жарылысы болған ғимаратты жергілікті тұрғындар бұрын намазхана ретінде пайдаланған. Қазіргі уақытта намазхана ретінде де пайдаланбайды, себебі жаңа мешіт салынды. Жаңа мешіт салынған соң ол ғимарат ас өткізетін орын ретінде пайдаланып келген», - деп түсіндірілген Науат Хазрет мешітінің желіде парақшасында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақмола облысында ас беру кезінде газ баллоны жарылып, үш адам мерт болды.

Жарылыстан зардап шеккен 16 адам Астана қаласына ауруханаға жеткізілді. Оның арасында 13 ересек және 3 бала бар.