Ақмолада көршісіне пышақпен шабуыл жасап, оны өлім аузында қалдырып кеткен әйел қамауға алынды

0
166

Ақмола облысында жантүршігерлік оқиға орын алды.


Ақмолада көршісіне пышақпен шабуыл жасап, оны өлім аузында қалдырып кеткен әйел қамауға алынды

ERNUR.KZ. Атбасар қаласында 58 жастағы әйелді көршісі пышақтап, артынша пәтерде қамап кеткен, деп жазады Zakon.kz.


Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Instagram желісіндегі nayza_kokshe парақшасының мәліметінше, полицейлер қансырап жатқан әйелді құтқару үшін пәтердің есігін бұзып кіруге мәжбүр болған.

"58 жастағы әйел ес-түссіз табылды және іш тұсынан алған бірнеше пышақ жарақатынан қансырап жатқан", – делінген мәліметте.

Алдын ала болжам бойынша, әйелге ауыр жарақатты оның көршісі салған. Шабуылдан кейін күдікті пәтердің есігін сыртынан жауып, қылмыс қаруын өзімен бірге алып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтап, оны қамауға алды.

"Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.