Күдікті төрт жыл бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін абақтыдан шыққаны белгілі болды.
ERNUR.KZ. Ақмола облысының тұрғыны екі адамды өлтіргені үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Күдікті төрт жыл бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін абақтыдан шыққаны белгілі болды. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.
2021 жылдың 3 қарашасында С. есімді азамат қайтыс болғандардың бірінің үйінде болған алкоголь ішкен. Отырыста күдікті басқа қонақпен сөзге келіп, жүрек тұсына екі рет пышақ сұғып алған. Салдарынан ер адам сол жерде тіл тартпастан көз жұмады. Одан кейін қылмыстың куәсі болған пәтер иесінің кеудесіне де пышақ сұғып өлтірген.
Сот сотталушының екі адамды өлтірген кездегі салқынқандылығын, іс-әрекетін есеппен жасайтынын және мұндай жағдайдың қайталанып отырғанын ескерді. Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыға 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Жазаны өтеу төтенше қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде тағайындалды.