АҚШ Cауда миссиясы ресми сапармен Қазақстанға келді

0
392

Оған 20-дан астам ірі америкалық компаниялар қатысты.


АҚШ Cауда миссиясы ресми сапармен Қазақстанға келді

ERNUR.KZ. АҚШ Сауда палатасы, Сауда министрлігі және Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі ұйымдастырған сертификатталған америкалық сауда миссиясының Қазақстанға бірінші сапары өтті, деп жазады inform.kz.

Оған 20-дан астам ірі америкалық компаниялар, атап айтқанда ExxonMobil, Boeing, GE, Baker Hughes, Citibank, Google, Microsoft, Apple және басқалар қатысты.

Бағдарлама аясында бизнес-делегация Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстел, ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы, АХҚО ұйымдастырған Астана халықаралық форумына және Astana Finance Days іс-шараларына қатысып, G2B және B2B форматында кездесулер өткізді.
Миссияның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының төрағалығымен 2022 жылы Нью-Йоркте өткен Қазақстан-Америка дөңгелек үстелінің жалғасы ретінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы инвестициялық және сауда қатынастарын нығайту және күшейту.
Дөңгелек үстел қатысушыларға қолданыстағы инвестициялық жобалардың дамуы мен энергетика, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы және цифрлық экономика сияқты салаларға елдегі инвестицияны арттыру перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.
Бизнес-делегация мүшелері ҚР Үкіметінің елде қолайлы инвестициялық ахуал құру жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалап, инвестициялық бастамаларды жүзеге асырудың әлеуетін ерекше атап өтті.
Сонымен бірге қатысушылар өзара сауда өсімінің оң серпініне қанағаттанатынын атап өтті.
Осылайша, 2022 жылғы тауар айналымы 3,05 млрд АҚШ долларын құрап, рекордтық көрсеткішке жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 37%-ға жоғары.
АҚШ-тың Қазақстанға жалпы ТШИ ағыны 2022 жылмен салыстырғанда 82%-ға өсіп, 5,1 млрд АҚШ долларын құрады.
Өз тарапынан АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чокси америкалық компаниялардың қазақстандық нарықта қатысуын кеңейтуге терең қызығушылық танытты.
Сауда миссиясының ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев және Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеевпен өткен кездесулерінде еліміздің инвестициялық ахуалын одан жақсарту шараларды талқылау басты назарға алынды.
АХҚО мен Astana Hub-қа сапармен қатар, АХҚО басқарушысы Ренат Бектұровпен, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровпен және ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевпен жеке келіссөз жүргізілді.