АҚШ-қа барған Қазақстан азаматын иммиграция қызметі қамауға алды: ҚР СІМ ақпаратты растады

0
196

​Қамауға алынған Қазақстан азаматы – үш баланың анасы.


АҚШ-қа барған Қазақстан азаматын иммиграция қызметі қамауға алды: ҚР СІМ ақпаратты растады

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. АҚШ-қа барған Қазақстан азаматын иммиграция қызметінің мамандары қамауға алды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ақпаратты растады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Желідегі мәліметке сүйенсек, қамауға алынған Қазақстан азаматы – үш баланың анасы.

«Бірқатар БАҚ-тың сұрауына қатысты мынаны хабарлаймыз. Қазақстан азаматшасын АҚШ-та заңды көші-қон мәртебесінің болмауына байланысты Флорида штатының аумағында АҚШ иммиграция қызметінің мамандары ұстап алған. Қазақстандық дипломаттар қажетті консулдық көмек көрсету мақсатында АҚШ-тың мемлекеттік органдарымен және ұсталған азаматшаның отбасымен байланыс орнатты», – делінген министрлік хабарламасында.